Тілсіз жау Батыс Қазақстан облысының жұртын әбігерге салды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тілсіз жау Батыс Қазақстан облысының жұртын әбігерге салды

Тілсіз жау Батыс Қазақстан облысының жұртын әбігерге салды

Орманды алқапта тұтанған өрт елді-мекендерге лап қойып, тұрғындарды шұғыл көшіруге тура келген. Шарпыған жалын рельс шпалдарын да күлге айналдырды. Кесірінен темір жол қозғалысы тежеліп, «Орал-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызы бекетте тұрып қалды. Қазір келтірілген шығын көлемі есептелуде.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 265
Фото - Caravan.kz

Алапат өрт әп-сәтте оралдықтардың ойран-топалаңын шығарды. Дәл осы аумақтан тілсіз жау тұтанған. Қураған ағаш пен құрғақ шөп тез жанып, қатты соққан жел жалынды саяжайға лезде қуып келген. Өрт тұрғындарға үлкен қауіп төндірді. Құдай сақтағанда баспаналардың көбісі қаңырап бос тұрған.

Василий Курин, саяжай тұрғыны:

— Бұл төңіректің бәрі өртке оранды. Мына үй, екінші, үшінші қысқасы бүтін квартал жанып кетті.

Өртті сөндіруге төтенше жағдай қызметі мен жергілікті тұрғындар бірлесе жұмылды. Күш құрылымдарының өздері тілсіз жаудың алдында дәрменсіз күй кешті. Амалсыз, жұртты қауіпсіз жерге көшіруге тура келген.

Ольга Протопопова, БҚО мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері:

— Жалпы саны 102 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның алтауы кішкентай балалар. Әзірге өрттің шығу себебі мен жанып кеткен аумақтың көлемі белгісіз.

Желаев ауылы маңындағы орманды алқаптан да өрт шықты. Тілсіз жау қас қағым сәтте 16 гектар аумаққа тараған. Жалын шойын жолға да едәуір зақым келтірген. Алапат өрт екі шақырым аумаққа дейінгі рельс шпалдарын күлге айналдырды. Кесірінен «Орал-Ақтөбе» пойызы 17 сағатқа стансада қаңтарылып тұрды. Қазір, өрттен бүлінген аумақ қалпына келтірілуде.     

Соңғы жаңалықтар