Тілсіз жау үлкендерді де, балаларды да аямады - ҚР ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тілсіз жау үлкендерді де, балаларды да аямады - ҚР ТЖМ

Тілсіз жау үлкендерді де, балаларды да аямады - ҚР ТЖМ

Алматы облысының Маловодное ауылында өткен түнде үшпәтерлік тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

  • 6 Қаңтар 2013
  • 304
Фото - Caravan.kz

Жалын өрт сөндірушілер келгенше ауыздықталды. Өрт болған жерге ҚР ТЖМ Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 адамнан құралған жеке құрамы және 1 бірлік техника келді. Өрт болған жерден 72 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.

Сондай-ақ Павлодар облысының Железинка кентінде 4 қаңтарда тұрғын үйдің 90 шаршыметр ауданын өрт шарпып, төбесі опырылды. Өрт 5 қаңтарда түске қарай толық сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 15 адамы мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт болған жерден 73 жастағы қария мен үш жасар баланың мүрдесі табылды.

Жамбыл облысының Луговая ауылында кеше кеште екіпәтерлік тұрғын үйде өрт болды. Жалын бүгін түн ортасынан ауғанда сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен бір техникасы жұмылдырылды. Өрт салдарынан иіске уланған 41 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.