Жарияланды: 380

Тимур Бекмамбетов Алматыда жеке кинотеатрын ашты

Кинорежиссер Тимур Бекмамбетов жуырда оңтүстік астанада дербес кинотеатрын ашты.

Оның сөзінше, көрермендер бұл жерде репертуарды өздері құра алады. Бұл туралы «Экспресс К» газеті жазды. Кинотеатрда коммерциялық және авторлық картиналар көрсетілетін болады. Танымал режиссер сондай-ақ өзінің қазақстандық, ресейлік және шетелдік әріптестерін көрермендермен кездесуге шақыруға жоспарлап отырғандығын жеткізді. Кинотеатрда алғаш рет бірыңғай электронды билеттер жүйесі енгізіледі, бұл кинотеардың қаржылық есептілігінің ашықтығын қамтамасыз етпек. Онымен қоса, көрермендерге репертуарлық саясатқа ықпал ете алу мүмкіндігі беріліп отыр. «Белді шетелдік студиялар жалға алушыларға фильмдердің толық пакетін ұсынады. Бірақ кинотеарлар бір-екі картинаны ғана сатып алуы мүмкін. Біздің көрермендер арнайы порталға кіріп, көргісі келген киноға дауыс бере алады», - деп атап өтті Т.Бекмамбетов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін