Тимур Құлыбаев өзінің кандидатурасын президенттің мұрагері деп мәлімдеу қисынсыз деп есептейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тимур Құлыбаев өзінің кандидатурасын президенттің мұрагері деп мәлімдеу қисынсыз деп есептейді

Тимур Құлыбаев өзінің кандидатурасын президенттің мұрагері деп мәлімдеу қисынсыз деп есептейді

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев оның кандидатурасын Қазақстан президентінің мұрагері деп елбасының кеңесшісі Ермұхамбет Ертісбаевтың мәлімдегені орынсыз деп есептеп отыр.

  • 26 Шiлде 2011
  • 556
Фото - Caravan.kz

«Шынымды айтсам, мен үшін осы мәлімдеме (президенттің мұрагері ретіндегі кандидатура туралы – ҚазТАГ) күтпеген жағдай болды. Мен ешқашан өзімді саясаткер ретінде сезінген емеспін. Өздеріңіз білетіндей мен көптен бері экономикалық мәселелермен айналысам және ол маған ұнайды. Жақын аралықта мен Ертісбаевпен кездесіп, оның осы мәлімдемесі туралы сөйлеспекшімін», — деді Т. Құлыбаев ҚазТАГ агенттігінің тілшісіне дүйсенбі күні.

Ол «іс басындағы президенттің көзінше, оның үстіне баспасөздегі оның денсаулығына қатысты шудан кейін, осылай деп мәлімдеу, кем дегенде орынсыз», — деп атап көрсетті.

«Оның (Е. Ертісбаевтың – ҚазТАГ) өзінің «Комерсантъ» газетіне берген сұхбатында айтқандары – барлығы сандырақ. Мен онымен соңғы кездері кездескен емеспін және тағы қайталап айтамын: оның мәлімдемесі мен үшін күтпеген жағдай болды», — деді Т. Құлыбаев.

Еске салсақ, дүйсенбі күні ресейлік «Комерсантъ» газеті президент кеңесшісі Е. Ертісбаевпен болған сұхбатын жариялады. Онда кеңесші президенттің ең ықтимал мұрагері ретінде Т. Құлыбаевты атайды.

Бірқатар БАҚ-тарда Н. Назарбаев Германияда емделіп қайты делінген ақпараттар жарық көрді. Кейбір басылымдар оған операция жасалыпты-мыс деп те жазды. Бұл ретте Астанадағы ақпаратқа қанық дереккөз агенттікке президенттің жоспарлы тексеруден өтіп келгенін және ол «қалыпты жағдай» екендігін айтты.

«Н. Назарбаев жылына екі рет профмедтексеруден өтеді: бір рет — елімізде, екіншісін – шетелде», — деді ол.

Мемлекет басшысы демалыста 2011 жылғы шілденің 11-21 аралығында болып қайтты.

Соңғы жаңалықтар