"Тірі құрттар шығып жатыр"- Қытай заттары мен жемістері несімен қауіпті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тірі құрттар шығып жатыр"- Қытай заттары мен жемістері несімен қауіпті

"Тірі құрттар шығып жатыр"- Қытай заттары мен жемістері несімен қауіпті

Соңғы кездері еліміздің түкпір-түкпіріндегі тұрғындар өздері тұтынған түрлі өнімдердің ішінен тірі құрттар тауып алып жатқанын хабарлауда.

  • 6 Маусым 2018
  • 2776
Фото - Caravan.kz

Олардың көпшілігі болған жағдайды видеоға түсіріп, желі арқылы таратып жүр. Осылайша халық бір-бірін қауіптен сақтандыруға тырысуда. Ролик авторлары тірі құрттар шыққан өнімдердің барлығы дерлік Қытайда жасалғанын айтады.

Caravan.kz медиа-порталы жыл басынан бері әлеуметтік желі арқылы тараған осындай қауіпті өнімдердің қаншалықты жиілеп кеткенін анықтап көруге тырысты.

Жылдың басында Атырау облысындағы тұрғындардың бірі құрманың ішінен құрт шығып жатқанын видеоға түсіріп көрсетеді. Жемістің барлығын аршып көрсеткен ролик иесі тірі құрттардың қалай шығып жатқын айтып, елді сақ болуға шақырады.

Ақпан айында әлеуметтік желіге тараған видеода тамаққа қосуға арналған дәмдеуштің арасынан құрт шыққаны көрсетіледі. Видеода құрттың тірі екенін байқауға болады. 

Ал сәуір айында жылдам дайындалатын «доширактың» ішінен ұзын жіңішке құрттардың жыбырлап жүргені түсірілген видео пайда болды. Роликтің еліміздің қай өңірінде түсірілгені беймәлім. Түсірген автор оны зертханаға беру керек дейді.

Ал мамыр айында Жаңатас тұрғыны кәдімгі шемішкеге тәжірибе жасап көрген болатын. Ол пістелерді ыстық су құйылған ыдысқа салып, бетін жауып қояды. Көп ұзамай қабығынан босап шыққан
дәннің ішін құрттар жарып шығады
. Бұл сұмдықты көрген автор шемішкенің Қытай тауары екенін айтып, елге ескерту жасайды.

Бірнеше күн бұрын шиенің ішінен құрттардың шығып жатқын жайлы тағы бір видео әлеуметтік желіге тарады. Жемістің әрқайсысын жарып көрген автор шиенің ішіндегі құрттарды көрсетеді және оның Қытайдыкі екенін айтады.

Ең сорақысы құрт тағамнан, жеміс-жидектен ғана емес қарапайым заттардан да шығуда. Мәселен еліміздегі тағы бір тұрғын оқушылар ұстайтын кәдімгі өшіргіштің ішнен құрт шығып жатқанын көрсетеді. Оқиға мектепте болған. Видеоны түсірген ұстаз өшіргіштің Қытайда жасалғанын айтады.

Соңғы кездері Алматыда менингит ауруының өршіп тұрағын белгілі.Бірқатар тұрғындар аталған дерттің осындай қауіпті Қытай заттарынан пайда болуы мүмкін ба деп алаңдап отыр.

Соңғы жаңалықтар