Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірнеше ай бұрын халықты толғандырған жер мәселесін Қыдырәлі Болманов тоқал тақырыбын көтеру арқылы шешпек болған-ды. Продюсердің осы мәселеге қатысты сұхбатынан кейін жұрт оны әжулады. Енді міне тележурналист Серік Абас-шах та оған арнап өлең шығарып жатыр.
Термені төгіп, Сүгірден,
Еркексің, ел деп жүгірген.
“Тіркеуді” тоқтат, тоқал ап,
Супермен жігіт – “Қыдырмен!” – дейді ол.
Тележурналистің аталған жазбасына 1 100-ден астам лүпіл қойылды. Барлығы да әзілдеп Қыдырәліні іздеп жатқандарын жазды.