«Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп клеммалардан бастап шпалдар мен шойын жолдарға дейін осындай өнімдерді кең көлемді өндіру мүмкіндігі талқылануда»,- деді ол.
Қ.Келімбетовтың айтуынша, «компания сонымен бірге жоғары жылдамдықты темір жол салу жөнінде де қызғылықты ұсыныс жасап отыр». «ТиссенКрупп қазір Шанхайда жоғары жылдамдықты темір жол салуда. Ондағы жылдамдық сағатына 400-500 шақырымға жетеді. Алматы мен Астананың ортасында да осындай жол салу ұсынылып отыр. Әйтсе де қазір бұл мәселе талқыланып жатыр»,- деді Қ.Келімбетов. Оның айтуынша, тараптар Қазақстан нарығындағы теміржол транспортына арналған бөлшектер кешеніне деген жақын 5 жылдағы сұранысты жан-жақты талдауға келісті.
Сонымен бірге қазақстандық өкілдер жуырда осы бағытта одан әрі келіссөздер жүргізу үшін Германияға бармақшы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті