"Тізерлеп тұрып, “сүйемін, ұрмаймын” деді": Бұрынғы күйеуіне қосылып, өлім құшқан қазақ әйелінің оқиғасы елді жылатты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тізерлеп тұрып, “сүйемін, ұрмаймын” деді": Бұрынғы күйеуіне қосылып, өлім құшқан қазақ әйелінің оқиғасы елді жылатты

"Тізерлеп тұрып, “сүйемін, ұрмаймын” деді": Бұрынғы күйеуіне қосылып, өлім құшқан қазақ әйелінің оқиғасы елді жылатты

Танымал журналист Дина Төлепберген күйеуінің қолынан өлім құшқан тағы бір қазақ әйелінің оқиғасын баяндады.

  • 25 Сәуiр
  • 50
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz. ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Айтуынша, күйеуі екі қызымен әйелін өртеп жіберген. Көзі тірісінде жұбайы төркініне қашып кетсе де, балалары үшін қайтып барған. 

“Осыдан төрт жыл бұрын батыс өңірінде болған сұмдықты зерттеп ем. Екі қызы мен әйелін күйеуі өртеп жіберген. Марқұмның әпкесі маған берген сұхбатында былай деп еді:
“Қайтып келген сіңліме күйеу балам тізерлеп тұрып, “сүйемін, ұрмаймын” деген еді. Оның сөзіне сеніп, сіңлімді қайта қосып жібердім. Балалары үшін бірге өмір сүрсін дедік. Ол шешімім үшін өкінемін. Соңында сіңлімді өлтіріп, екі қызымен бірге баспанасын да өртеп жіберді. Күйеу баладан қылмыскерге айналған жауыз өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Бірақ, сол кезде қорлыққа төзбей, төркініне келген қыздың шешімін қолдап, қайтып қосылуға көндірмегенде, ана мен қыздар тірі болар ма еді?!”, деп әпкесі өкінгенін көзіммен көрдім”, – деді журналист.