ТМД Атқару комитетінде білім беру саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД Атқару комитетінде білім беру саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы талқыланады

ТМД Атқару комитетінде білім беру саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы талқыланады

Бүгін, 14-қыркүйекте Минск қаласындағы ТМД Атқару комитетінде өткен сарапшылық топтың отырысында білім беру саласындағы ынтымақтастыққа қатысты бірнеше құжат келісіледі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

  • 14 Қыркүйек 2005
  • 567
Фото - Caravan.kz



Атап айтсақ, сарапшылар тобының бас қосуы нәтижесінде ТМД-ға қатысушы елдердің 2006-2010-жылдарға арналған білім беру саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық бағдарламасын, ТМД елдерінің маман дайындау және кәсібіи біліктілікті шыңдау саласындаы ынтымақтастығы туралы келісімнің жобасын дәйектеу жоспарланған.
Білім беру саласындағы ынытмақтастық бағдарламасы ТМД елдерінің біртұтас білім беру кеңістігін құру тұжырымдамасын жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатын көздейді.
Мемлекетаралық бағдарлама білім беру саласындағы ынтымақтастықтың халықаралық құқықтық базасының аясын кеңейту және оны нығайтуға, ұлттық заңнаманы үйлестіруге және жетілдіруге, білім сапасын басқарудың келісілген жүйесін құруға, ынтымақтастықты ақпаратпен және ғылыми тұрғыда қамтамасыз етуге, маман дайындау және мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдау саласындағы ынтымақтастықты жолға қоюға бағытталады.
Құжаттың жобасын ТМД-ға қатысушы елдердің білім беру саласын басқарушы мемлекеттік мекемелері, ТМД-ға қатысушы елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесі мен ТМД елдерінің базалық ұйымдарының өкілдері жасаған.
ТМД-ға қатысушы елдердің 2006-2010-жылдарға арналған білім беру саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық бағдарламасын ТМД үкімет басшыларының кеңесі бекітеді.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта