ТМД аясындағы заңсыз мигранттар саны 3-10 млн. адамды құрайды -ТМД атқарушы хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД аясындағы заңсыз мигранттар саны 3-10 млн. адамды құрайды -ТМД атқарушы хатшысы

ТМД аясындағы заңсыз мигранттар саны 3-10 млн. адамды құрайды -ТМД атқарушы хатшысы

ТМД аясындағы заңсыз мигранттар саны 3-10 млн. адамды құрайды. Бұл туралы ТМД атқару комитетінің төрағасы, ТМД-ның атқарушы хатшысы Юрий Яров мәлімдеді,- деп хабарлайды ТМД атқару комитетінің баспасөз қызметінен.

  • 11 Тамыз 2003
  • 502
Фото - Caravan.kz

Ю.Яров ТМД елдері аясында соңғы жылдарда белең алған заңсыз көші-қонды ұлттық қауіпсіздікке төнген тағы бір қомақты қауіп ретінде атады.

Оның айтуынша, заңсыз мигранттар көбінесе Азия-Тынық мұхиты аймағынан, Таяу және Орта Шығыстан, Африкадан келіп жатыр. Сондай-ақ, ТМД елдері аясында да өзара миграциялық ағымдар түзілуде.
ТМД атқару комитеті төрағасының айтуынша, «көптеген ТМД елдері аясында осындай құқықтық мәртебесі айқындалмаған заңсыз мигранттардың молаюы қылмыстық ахуалға өзіндік әсерін тигізіп отыр».
Сол себепті де заңсыз көші-қонмен күрес шаралары ұлттық шеңбермен ғана шектелмей, ТМД аясында да күшейтіле бастады.
Осы орайда Ю.Яров ТМД мемлекет басшылары 1998-жылдың 6-наурызында Мәскеуде заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы өзара ынтымақтастық туралы мемлекетаралық келісімге қол қойғанын еске салды.
Бұл құжатта иммиграциялық бақылау, тараптар аумағына заңсыз келген шетелдік азаматтарды тізімге алу, оларды елден аластау тетіктерін қалыптастыру, ұлттық заңның тиісті ережелерін өзара үйлестіру және заңсыз көші-қон туралы ақпаратпен бөлісу саласындағы ықпалдастық жолдары қарастырылған.
Қазіргі таңда адам саудасы және адам ұрлау, сондай-ақ, трансплантациялау мақсатында адам органдары мен тканьдерін саудалауға қарсы күрес саласындағы ТМД шеңберіндегі ынтымақтастық туралы келісім жобасы дәйектелу үстінде.

Соңғы жаңалықтар