ТМД бас пәтерінде Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы тұрақты уәкілетті өкілдер кеңесінің мәжілісі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД бас пәтерінде Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы тұрақты уәкілетті өкілдер кеңесінің мәжілісі өтті

ТМД бас пәтерінде Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы тұрақты уәкілетті өкілдер кеңесінің мәжілісі өтті

ТМД бас пәтерінде Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы тұрақты уәкілетті өкілдер кеңесінің мәжілісі өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД Атқару комитетінен хабарлады.

  • 10 Қыркүйек 2003
  • 567
Фото - Caravan.kz

Оған қатысушылар сыртқы істер министрлерінің кеңесі, үкімет басшыларының кеңесі мен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің қыркүйектің 18-19 күндеріне межеленген кезекті отырыстарының күн тәртібінің жобасын бекітті. Отырыстар барысында Достастық елдерінің мемлекет басшылары 16 мәселе, үкімет басшылары 35 мәселе, ал сыртқы саясат ведомствосының басшылары 21 мәселе қарайды деп күтілуде.

ТМД елдерінің өкілдері ТМД Атқару комитетінің Одаққа қатысушы мемлекеттердің бюджеттік қаржысы есебінен қаржыландырылатын ТМД органдарының біртұтас бюджетінің жобасы туралы, сондай-ақ, 1941-1945-жылдардағы Ұлы Отан соғысының 60 жылдық мерейтойын тойлау және оған дайындық жұмыстарының бағдарламасы жобасына қатысты Украинаның ұсыныстары туралы ақпаратын тыңдап талқыға салды.
Мәжіліске қатысушылар салалық органдардың ынтымақтастық іс-әрекеттерін жаңалау шаралары аясында ТМД-ның салалық ынтымақтастық органдары басшыларының есебін дайындау және оны тыңдау тәртібін қарап, ТМД Атқару комитетімен бірлесе отырып осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар