ТМД бас прокурорлары Минск қаласында лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД бас прокурорлары Минск қаласында лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына  қол қойды

ТМД бас прокурорлары Минск қаласында лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына қол қойды

АЛМАТЫ. 25-мамыр. Kazakhstan Today. ТМД бас прокурорлары Минск қаласында лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы және кәмелеттік жасқа жетпегендердің заңды мүдделері мен құқығын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдердің жобасына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ресейдің “Новости” ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 25 Мамыр 2006
  • 423
Фото - Caravan.kz

Қол қойылған құжаттар ТМД мемлекет басшыларының қол қоюына ұсынылады. “Біз осы проблемаларды бірінші кезекте шешуді қолдаймыз”, деді РФ бас прокуроры Владимир Устинов лаңкестікпен күрес туралы келісім жайында.

Беларусь бас прокуроры Петр Миклашевич қол қойылған келісім ТМД бас прокурорларына өзара ақпарат алмасуға және Достастық елдерінің аумағында лаңкестік әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
ТМД бас прокурорларының кезекті бас қосуы жаздың аяғында Тәжікстанда өтеді деп белгіленді.

Перейти к новостям спорта