ТМД басшылары 2011 жылдың аяғына дейін екі рет бас қосады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД басшылары 2011 жылдың аяғына дейін екі рет бас қосады

ТМД басшылары 2011 жылдың аяғына дейін екі рет бас қосады

ТМД елдерінің басшылары Достастықтың дамуының 20 жылдық қорытындысын шығару үшін 2011 жылдың аяғына дейін екі рет бас қосады.

  • 7 Маусым 2011
  • 360
Фото - Caravan.kz

Беларусь Президенті Александр Лукашенконың 6 маусымда ТМД Атқарушы комитеті төрағасының орынбасары — Достастықтың атқарушы хатшысы Владимир Гаркунмен болған кездесуінде осы туралы сөз болды, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.

Владимир Гаркунның айтуынша, мемлекет басшыларының қарауына «ауқымды және өзекті мәселелер» ұсынылады. Ең алдымен, олар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 20 жылдығы туралы мәлімдемені, сондай-ақ «ТМД-ға — 20 жыл. Қорытындылар мен перспективалар» сараптамалақ баяндамасын қарайды.

2011 жылдың аяғына дейін ТМД мемлекет басшылары деңгейінде тағы бір отырыс өткізіледі. 21 желтоқсанда Мәскеуде бейресми саммит өтіп, онда Достастықтың 20 жылдығы қорытындыланады және Достастыққа келесі жылы төрағалық ететін ел анықталады.

В.Гаркун сондай-ақ Достастықтың 20 жылдығының қорытындысы арналған және 28-29 қыркүйекте Минскіде өтетін ғылыми-тәжірибелік конференцияға әзірліктің барысы туралы әңгімелеп берді.

Соңғы жаңалықтар