ТМД басшылары Ұлы Отан соғысының басталуының 70 жылдығына орай әлем жұртшылығына үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД басшылары Ұлы Отан соғысының басталуының 70 жылдығына орай әлем жұртшылығына үндеу жасады

ТМД басшылары Ұлы Отан соғысының басталуының 70 жылдығына орай әлем жұртшылығына үндеу жасады

ТМД мемлекеттерінің басшылары 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының басталуының 70 жылдығына орай әлем жұртшылығына үндеу жолдады.

  • 22 Маусым 2011
  • 552
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Осыдан 70 жыл бұрын, 1941 жылы 22 маусымда нацистік Германия мен оның серіктестері Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Көпұлтты кеңес халықтарының тарихындағы зұлмат сынақ — Ұлы Отан соғысы басталды. Кеңес халқы сол соғыста абыроймен жеңіске жетті.

Отанын қорғауға көтерілген біздің халықтарымыз Баренцев теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықта шарпыған соғыс даласында зұлым жаумен шайқасып, әлемге майдан даласында ғана емес, тылда да батылдықтың, табандылық мен патриотизмнің ұлы үлгілерін паш етті. Барлық тауқымет пен қиыншылықты тең бөліскен олар, өз жеңістеріне сенді және қатар шайқасып, жауды жеңді», — делінген Мемлекет басшыларының үндеуінде.

«…Біз майдан даласында қаза тапқан, концлагерьлерде, фашистердің тар қапастарында азаптап өлтірілген, аштықтан, жоқтықтан опат болған адамдардың рухтарына тағзым етеміз.

Ұлы Отан соғысының басталуының 70 жылдығы, мұндай соғыстың ешқашан қайталанбау керектігін және кез келген агрессорды әділ жаза күтіп тұрғанын баршамыздың есімізге салады. Осы соғыс туралы тарихи шындықты, оның қалай басталып, қалай аяқталғаны туралы келер ұрпаққа жеткізуді маңызды міндет санаймыз. Ұлы Жеңіс — біздің елдеріміздің халықтарын біріктіріп отырған басты тарихи оқиғалардың бірі, Ұлы Жеңіс — достық, бауырластық және тату көршілік мұратында тәрбиеленіп отырған соғыстан кейінгі жылдардың барша ұрпақтары маңызды рухани құндылық, адамгершілік тұғыры.

Біздер, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің басшылары, халықаралық қоғамдастықты барша халықтар мен мемлекеттердің амандығы және олардың гүлденуі үшін, БҰҰ Жарғысының игі мақсаттары мен қағидалары негізінде зорлық-зомбылықсыз, соғыс-қақтығыссыз әлем құруға барлық күш-жігерлерін біріктіруге үндейміз», — делінген құжатта.

Соңғы жаңалықтар