ТМД биржаларының маркетингтік және ақпараттық қызметтерінің жетекшілері Бакуде бас қосады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД биржаларының маркетингтік және ақпараттық қызметтерінің жетекшілері Бакуде бас қосады

ТМД биржаларының маркетингтік және ақпараттық қызметтерінің жетекшілері Бакуде бас қосады

6-8-қазанда Бакуде ТМД биржаларының халықаралық қауымдастығының ұйымдастыруымен биржалардың маркетингтік және ақпараттық қызметтерінің жетекшілерінің бірінші бас қосуы өтеді.

  • 28 Қыркүйек 2005
  • 417
Фото - Caravan.kz



Әзербайжанға осы мақсатпен ТМД биржаларының халықаралық қауымдастығының директоры, Қазақстан қор биржасы мен Тбилиси банкаралық валюта биржаларының вице-президенттері, Ресей, Беларусь, Украина және Өзбекстан биржаларының өкілдері келмекші. Әзербайжаннан бұл кездесуге Баку банкаралық валюта биржасы қатысады.
KZ-today тілшісіне Баку банкаралық валюта биржасынан хабарлауынша, кездесу күн тәртібінде әлемдік ірі ақпарат агенттіктерімен өзара ынтымақтастық орнату, ақпараттық өнімдердің өсімін ынталандыратын әдістемелерді жасау, бірлескен PR -акцияларды, тұсаукесерлер мен бизнес-форумдарды ұйымдастыру, қызметкерлердің білімін жетілдіру және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланады.
Биржалардың маркетингтік және ақпараттық қызметтерінің жетекшілерінің бас қосуы жыл сайын өткізіледі деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта