ТМД экономикалық кеңесінің кезекті отырысы 23-мамырда Мәскеуде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД экономикалық кеңесінің кезекті отырысы 23-мамырда Мәскеуде өтеді

ТМД экономикалық кеңесінің кезекті отырысы 23-мамырда Мәскеуде өтеді

2005-жылдың 23-мамырында Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесінің кезекті 24-отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД экономикалық кеңесінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Сәуiр 2005
  • 523
Фото - Caravan.kz

Экономикалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібіне 17 мәселе шығарылған. Соның ішінде ТМД-ға қатысушы елдердің біртұтас электр энергетикалық нарығын құру тұжырымдамасының жобасы талқыланады. «Бұл салада біртұтас рынок қалыптастыру электр қуатының саудасы ауқымын кеңейтуге түрткі болып, электр қуатымен қамтамасыз етудің сенімділігін күшейтіп, Достастық елдеріндегі электр энергетикасы саласын реформалау процесстерін жақындастыра түспек».

Сонымен бірге кеңес отырысында ТМД-ға қатысушы елдердің техникалық регламенттерін сәйкестендіру негіздері туралы келісімнің жобасы қаралады. Бұл құжат Достастық мемлекеттері арасындағы сауда-саттықтағы техникалық кедергілерді жою және техникалық реттеу саласындағы заңнамаларды сәйкестендіру тетіктерін құру мақсатында жасалып отыр. «Мұндай келісімге қол қою қажеттігі көптеген ТМД елдерінде тауардың сәйкестілігін дәлелдеу тетіктерін үйлестіретін заңнамалық актілердің қабылдануына немесе қабылдану сатысында болуына байланысты туындады»,- делінген баспасөз хабарламасында.
Отырысқа қатысушылар сонымен бірге ТМД аясында лизингтік іс-қызмет аясын кеңейтуге қолайлы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мүмкіндіктерін талқылайды. Бұл саладғы келісім Достастық елдерінде техника мен жабдықтардың лизингін дамытуға қолайлы, тиімді әрі халықаралық тәжірибеге сәйкес жағдай жасауға мүмкіндік берумен бірге ТМД аясында мемлекетаралық лизинг субъектілерінің мүддесі мен құқығын қорғауға түрткі болмақ.
Отырыста сонымен бірге ТМД елдері арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылайды.
ТМД экономикалық кеңесінің кезекті отырысында сонымен бірге ТМД-ның құрылғанына 15 жыл толу мерейтойына арналған мемлекетаралық көрме ұйымдастыру туралы да талқыланады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта