ТМД электрэнергетикалық кеңесінің кезекті отырысы қазан айының үшінші онкүндігінде Бакуде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД электрэнергетикалық кеңесінің  кезекті отырысы қазан айының үшінші онкүндігінде Бакуде өтеді

ТМД электрэнергетикалық кеңесінің кезекті отырысы қазан айының үшінші онкүндігінде Бакуде өтеді

ТМД электрэнергетикалық кеңесінің кезекті 26- отырысы қазан айының үшінші онкүндігінде Бакуде өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Азэнержи" АҚ ұлттық энергетикалық компаниясынан хабарлады.

  • 17 Тамыз 2004
  • 421
Фото - Caravan.kz

ТМД электрэнергетикалық кеңесінің Баку кездесуіне дайындық жұмыстарының барысымен танысу үшін ТМД электрэнергетикалық кеңесінің атқарушы хатшысы Евгений Мишук екі күндік сапармен Әзербайжан астанасында болды. «Азэнержи» АҚ ұлттық энергетикалық компаниясының басшылығымен сұхбат барысында Е.Мишук Бакуде аталмыш шараны ұйымдастыру комитеті құрылып, белсенді жұмыс істеп жатқанын, электрэнергетикалық кеңестің алдағы отырысына байланысты материалдар әзірленгенін атап өтті.

ТМД электрэнергетикалық кеңесі атқарушы хатшысының айтуынша, отырысқа ТМД-ға қатысушы 12 елдің энергетикалық мекемелерінен өкілдер қатысады. Кеңес жұмысына Балтық жағалауы республикалары мен Монғолиялық сарапшылар бақылаушы ретінде қатысуы мүмкін.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТМД электрэнергетикалық кеңесі электр энергетикасы саласында Достастық елдерінің мемлекетаралық қарым-қатынастарын үйлестіру туралы ТМД үкімет басшылары 1992-жылдың 14-ақпанында қол қойған келісімге сәйкес құрылған. Кеңестің басты мақсаты — біріккен электр энергетикасы жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі негізінде мемлекеттерді электр қуатымен сенімді әрі тұрақты қамтамасыз ету бағытында өзара үйлесімді іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
ТМД электрэнергетикалық кеңесіне Әзербайжан, Грузия, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украинаның электр энергетикасын басқарушы органдарының бірінші басшылары енеді. Кеңесті РАО «ЕЭС Россия» компаниясының төрағасы Анатолий Чубайс басқарады.

Перейти к новостям спорта