Жарияланды: 650

ТМД елдері әлемдік қаржы дағдарысына қарсы тұру үшін күш біріктіруге тиіс - ТМД Қаржы-банк одағының үйлестіру кеңесі

Баку. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдері әлемдік қаржы дағдарысына қарсы тұру үшін күш біріктіруге тиіс. Бұл туралы ТМД Қаржы-банк одағының үйлестіру кеңесінің төрағасы Анатолий Казаков кеше өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қаржы дағдарысы дүниежүзін қамтып, ТМД елдерін де шарпыды. Экономикасы әлемдік экономикаға мейлінше кіріккен елдерде ол күштірек сезілді. Бірінші болып ол Қазақстанды шарпыды, онда сыртқы несиелердің көлемі 50%-дан асады, Украинада да жағдай күрделі, мұнда да сыртқы несиелердің көлемі 50%-дан асады . Ресей мен Беларусьтің жағдайы да онша емес. Бірақ Ресейде қуатты Тұрақтандыру қоры бар, біз дағдарысқа қарсы шараларды қолданып жатырмыз" , - деді А. Казаков. "Бұл дағдарыстың "түбі" қайда екенін айту қиын, ол тағы да бір жылға созылады деген пікір бар", - деді ол. Оның айтуынша, Ресейде ТМД елдерін біріктіретін Халықаралық қаржы орталығын құру мәселесі көтерілуде. "Бұл орталықты 2020 жылға дейін құру көзделуде. Біз Мәскеуде, Бакуде халықаралық орталықтар құруға кірісуіміз қажет, мүмкін ол Қазақстанда да құрылар. Оған 10 - 15 жыл қажет, инфрақұрылымы қалыптасып, капитал ағынын қамтамасыз етіп, жеңілдетілген жағдайлар жасау қажет", - деді А. Казаков. Оның хабарлауынша, дағдарысқа қарсы шаралардың жайы ТМД елдерінің қаржы министрлерінің таяудағы кездесуінде талқыланды. 24 - 26 қазанда бұл мәселе ТМД-ға қатысушы елдердің "Достастық елдерінің қаржы нарықтары: даму және интеграция" тақырыбындағы халықаралық банк конференциясының басты арқауына айналады, бас қосу Бакуде өтеді. ТМД Қаржы-банк одағының бас директоры Павел Нефидов өз кезегінде ТМД елдері өз төлем жүйесін жасауға тиіс деген пікір білдірді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін