ТМД елдері арнаулы қызметтерінің басшылары қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдері арнаулы қызметтерінің басшылары қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы талқылайды

ТМД елдері арнаулы қызметтерінің басшылары қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы талқылайды

Бүгін, 18-мамырда ТМД елдерінің арнаулы қызметтері мен қауіпсіздік мекемелері басшылары кеңесінің 16-отырысы басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Мамыр 2004
  • 493
Фото - Caravan.kz

Кеңеске қатысушылар Достастық республикаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық лаңкестікпен күресте осы елдер мүддесін қорғау саласында ТМД елдерінің арнаулы қызметтері мен қауіпсіздік органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселесін талқыламақшы. Атап айтсақ, отырыста халықаралық лаңкестік ұйымдардың мүшелерін әшкерелеу және олардың іс-қызметі мен қаржыландыру арналарына тосқауыл қою саласындағы өзара ықпалдастықты жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жоспарланады.

Сондай-ақ, кеңес ТМД елдерінде жасалған қару-жарақ түрлері, жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді ақпараттық сипатта таңбалауда біртұтас жүйе қолдану жөніндегі тұжырымдама жобасын дайындауға қатысты ұсыныстарды қарайды.
Бұған қоса Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина арнаулы қызметтері мен қауіпсіздік мекемелерінің өкілдері ТМД антитеррорлық орталығының 2003-жылғы жұмысын қорытындылайды.
20-21-мамырда Сочи қаласында сондай-ақ, «Үлкен сегіздік» елдері, Еуропалық Одақ, Солтүстік Атлантикалық Альянс, ТМД және Шанхай ынтымақтастығы ұйымының арнаулы қызметтері, қауіпсіздік және құқық қорғау мекемелері басшыларының үшінші кеңесі өтеді. Бұл бас қосу лаңкестікпен күрес саласындағы халықаралық ықпалдастық проблемасына арналған. Форумда ҚР ҰҚК-нің төрағасы Нартай Дүтбаев баяндама жасайды.

Соңғы жаңалықтар