ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы Бішкекте өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы Бішкекте өтеді

ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы Бішкекте өтеді

Қыркүйектің 4 мен 6 аралығында Бішкекте ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Тәжікстан бас прокуратурасының бұқарамен байланыс және ақпарат орталығынан хабарлады.

  • 29 Тамыз 2003
  • 413
Фото - Caravan.kz

Үйлестіру кеңесінің отырысына Ресейдің бас прокуроры Владимир Устинов төрағалық жасайды.

Отырыстың күн тәртібіне 10 мәселе шығарылған. Бас прокурорлар ТМД елдері бас прокуратура органдарының адам саудасымен күрес саласындағы өзара ынтымақтастығын нығайту туралы мәселені талқылайды деп күтілуде. Сондай-ақ, үйлестіру кеңесі Достастық елдерінің қылмыспен күрес жөніндегі мемлекетаралық органдарының іс-қызметін үйлестіру тәртіптерінің жобасын сарапқа салмақшы.
Отырысқа қатысушылар ТМД елдерінің мемлекет басшыларына арнап азаматтық, қылмыстық және отбасылық істер бойынша өзара құқықтық қарым-қатынастар және құқықтық көмек туралы Конвенцияны тез арада бекіту жөнінде өтініш-мәлімдеме қабылдауды көздеп отыр. Бұл конвенция 2002-жылдың қазан айында Кишиневте қабылданған болатын.

Соңғы жаңалықтар