ТМД елдері Ішкі стер министрліктерінің ішкі қауіпсіздік қызметтері құқық қорғау мекемелеріндегі қылмыспен күреске бірікпекші - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдері Ішкі стер министрліктерінің ішкі қауіпсіздік қызметтері құқық қорғау мекемелеріндегі қылмыспен күреске бірікпекші

ТМД елдері Ішкі стер министрліктерінің ішкі қауіпсіздік қызметтері құқық қорғау мекемелеріндегі қылмыспен күреске бірікпекші

ТМД елдері Ішкі стер министрліктерінің ішкі қауіпсіздік қызметтері құқық қорғау мекемелеріндегі қылмыспен күресте күш біріктіруі қажет. Бүгін, 7-сәуірде "Көші-қон және сыбайлас жемқорлық" тақырыбы бойынша Алматыда өткен бірінші халықаралық конференцияда РФ ІІМ ішкі қауіпсіздік департаментінің бастығы

  • 7 Сәуiр 2005
  • 441
Фото - Caravan.kz

Константин Ромодановский осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

ТМД елдерінің арасында мемлекеттік шекараның болғанына қарамастан, «қылмыстық қоғамдастық соған қарамастан біртұтас күйінде қалып, барлық Достастық мемлекеттері аумағында ешбір кедергісіз жұмыс істеуде». Ішкі істер органдарының қылмыскерлерінің өзі ұйымдасқан қылмыстық топтармен ауыз жаласады. Бұл тұрғыда заңсыз есірткі айналымы мен заңсыз көші-қон сынды халықаралық қылмыс түрлері ең қауіптіге саналады.
Мәселен, 2004-жылы мигранттарға арнап төлқұжат, анықтамалар мен басқа да құжаттарды заңсыз дайындап бергені үшін РФ ІІМ органдарының 158 офицері қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деді К.Ромодановский.
Бұған қоса, оның айтуынша, Қазақстаннан темір жол арқылы Ресейге тасымалданатын есірткі ағынының бір бөлігі Ресей милициясы мен Қазақстан полициясы қызметкерлерінің қорғауында жүзеге асырылады. Осындай қылмыс түрлерімен күресу үшін РФ ІІМ-нің ішкі қауіпсіздік департаменті Ресей және Қазақстан ішкі істер органдарының мобильді топтарын құруды ұсынып отыр. Олар халықаралық бағытта қатынайтын поездарды бақылауға алуы тиіс.
Осыған байланысты ТМД елдері Ішкі стер министрліктерінің ішкі қауіпсіздік қызметтері өзара тығыз байланыс орнатудан мүдделі, деді К.Ромодановский. Атап айтсақ, өзара оперативті және талдамалық ақпараттар алмасу, соның ішінде, қылмысқа күдікті деп танылған қызметкерлер туралы ақпараттар алмасу, бірлескен операцияларды ұйымдастырып жүзеге асыру қажет. К.Ромодановский Ішкі стер министрліктерінің ішкі қауіпсіздік қызметтеріның бірлескен жұмыс топтарын құрып, өзара ақпарат алмасу, ақыл-кеңес алу және түрлі шараларды жобалау үшін жылына екі мәрте олардың басын қосып отыруды ұсынды.
«Көші-қон және сыбайлас жемқорлық» тақырыбы бойынша Алматыда өтіп жатқан бірінші халықаралық конференцияға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Украина, Тәжікстан, Беларусь, Әзербайжан және Қырғызстан Ішкі стер министрліктерінің ішкі қауіпсіздік қызметтерінің жетекшілері қатысуда. Кездес уқорытындысы бойынша бас қосуға қатысушы елдердің ішкі қауіпсіздік органдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ықпалдастық жөніндегі кеңесінің хаттамасын бекіту көзделіп отыр.

Перейти к новостям спорта