ТМД елдері мәдениеттерінің жақындасуы мен ықпалдасуының мол мүмкіндіктерін орынды пайдалана білу керек - М. Құл-Мұхаммед - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдері мәдениеттерінің жақындасуы мен ықпалдасуының мол мүмкіндіктерін орынды пайдалана білу керек - М. Құл-Мұхаммед

ТМД елдері мәдениеттерінің жақындасуы мен ықпалдасуының мол мүмкіндіктерін орынды пайдалана білу керек - М. Құл-Мұхаммед

ТМД елдері мәдениеттерінің жақындасуы мен ықпалдасуының мол мүмкіндіктерін орынды пайдалана білу керек.

  • 15 Маусым 2012
  • 475
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Жаңа әлемдегі Еуразиялық мәдениет» халықаралық форумында ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.

Айта кетейік, бұл форумды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы елдердің мемлекетаралық гуманитарлық-ынтымақтастық қоры ұйымдастырып отыр.

«Жаңа әлемдегі Еуразиялық мәдениет» атты форумның Астана қаласында өткізілуінің өз заңдылығы бар. Өйткені, Еуразиялық одақ құру туралы идеяны осыдан 18 жыл бұрын Мәскеу мемлекеттік университетінде болған кездесуде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Бүгінде Кеден одағы, Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылуы Қазақстан көшбасшысы ұсынған идеяның өміршеңдігінің айқын дәлелі. Мұндай құрылымдар біздің елдердің экономикасын ғана емес, мәдениеттерінің жақындасуы мен ықпалдасуына мол мүмкіндіктер ашып отыр. Біз оны орынды пайдалана білуіміз керек»,-деп атап өтті М. Құл-Мұхаммед.

Форум жұмысына Мәдениет министрлері және ТМД елдерінің шығармашылық, гуманитарлық әлеуетінің делегациялары, халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, Парламент депутаттары, достастықтың дипломатиялық өкілдерінің басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері қатысуда.

Форум аясында ТМД мемлекет басшыларына, ғылыми және шығармашылық әлеуетке арналған Үндеу қабылданады деп күтілуде. Сонымен қатар бүгін осы форум аясында Қазақстан орталық концерт залында «Астана — достастықтың мәдени астанасы» жылына арналған концерт өтеді.

Перейти к новостям спорта