Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, Н.Песоцкий алдағы конференцияға дайындық жұмыстарын дәйектеу және республиканың сауда-саттық мүмкіндіктерін зерттеу үшін Қырғызстанға келген.
ТМД елдері мемлекеттік резерві консультативтік кеңесін құру туралы шешім ТМД экономикалық кеңесінің 2004-жылғы 3-желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен отырысында қабылданған. Кеңестің басты мақсаты — ТМД елдерінің мемлекеттік резервін сақтауға қатысты әдістемелік база мен ғылыми ақпаратпен алмасу, өзара ықпалдастықты қамтамасыз етуге септігін тигізу болып табылады.