Оның айтуынша, отырысқа қатысушылар ТМД аясындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастыққа қатысты 23 түрлі мәселе талқылайды. Атап айтсақ, әуе шабуылының күш-құралдарына кешенді қарсылықты қамтамасыз ету, ядролық қару таратпау тұрғысында Достастық елдерінің ұстанымын үйлестіру, әскери-техникалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру тәртіптері, бітімгерші бөлімшелерді оқыту, біріккен байланыс жүйесін құру, гидрометеорологиялық қызмет мамандарын дайындау және басқа да ұйымдастыру сипатындағы мәселелер бар.
Министрлер мақұлдаған мәселелер бекіту және жүзеге асыру мақсатымен ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің қарауына ұсынылады.