ТМД елдері СІМ-нің кеңесі отырысына қатысушылар лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдері СІМ-нің кеңесі отырысына қатысушылар лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылайды

ТМД елдері СІМ-нің кеңесі отырысына қатысушылар лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылайды

Бүгін, 26-наурызда Минскде басталатын ТМД елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесі отырысына қатысушылар лаңкестікпен және ұйымдасқан қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ, сайлауларға бақылаушылық жасау мәселелерін талқылайды,- деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі Украина СІМ-нің баспасөз қызметінің басшысы Маркиян Лубкивскийге сілтеме жасай отырып.

  • 26 Наурыз 2004
  • 384
Фото - Caravan.kz

ТМД сыртқы істер министрлері сондай-ақ, бірлестіктің келісім-құқықтық базасына санақ жүргізу мәселесін де сарапқа салады.

Украина жағының бастамасымен, отырыстың күн тәртібі жобасына ТМД мекемелерінің тиімділігін одан әрі арттыру мәселесі мен 26-сәуір ТМД елдерінде радиациялық апаттар мен зілзала құрбандарын халықаралық еске алу күні деп жариялануына арналған Достастық елдерінің мемлекет басшылары мәлімдемесінің жобасын талқылау қамтылды.
1986-жылдың 26-сәуірінде Чернобыль АЭС-да болған атап салдарынан станция маңындағы 30 шақырымдық аумақ өмір сүруге қолайсыз аймаққа айналған болатын. Ал жоғары радиациялық деңгей Украина, Беларусь және Ресейде тіркелді.

Соңғы жаңалықтар