ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісі 2004-жылдың 15- қыркүйегінде Астанада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісі 2004-жылдың 15- қыркүйегінде Астанада өтеді

ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісі 2004-жылдың 15- қыркүйегінде Астанада өтеді

ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісі 2004-жылдың 15- қыркүйегінде, ТМД елдері мемлекет басшылары кеңесінің кезекті бас қосуы қарсаңында Астанада өтеді. Бұл туралы шешім бүгін, 16-сәуірде ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің Шолпан-Атада (Қырғызстан) өткен отырысында қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Сәуiр 2004
  • 446
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, отырыста ТМД елдері үкімет басшылары кеңесіне төрағалық жасау құқығын Молдова үкімет басшысы Василе Тырлевке беру ұйғарылды. Регламентке сәйкес, бүгінгі бас қосуға Қырғызстан үкімет басшысы Николай Танаев пен РФ үкімет басшысы Михаил Фрадков төрағалық етіп отыр.

В.Тырлев өзінен бұрынғыларға ТМД аясындағы интеграциялық процестерді одан әрі өрістетуге белсенді еңбек еткені үшін ризашылық білдірді. Ол сондай-ақ, Молдова басшылық ететін келесі жыл да Достастық аясындағы өзара ықпалдастыққа «тың серпін береді» дегенге сенім білдірді. «Біз өзара интеграцияны нығайтуда сапалық ілгерілеушілік болады деген үмітіміз бар»,- деді В.Тырлев.
Молдова үкімет басшысының хабарлауынша, таяу уақыттарда ТМД атқару органдарының жұмыс жоспарын нақтылайтын жұмыс топтары құрылады. «Молдова бұл іске бар күшін салады»,- деді В.Тырлев.

Соңғы жаңалықтар