ТМД елдерінде Жеңіс күнін тойлауға наразылық неге күшейіп жатыр? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдерінде Жеңіс күнін тойлауға наразылық неге күшейіп жатыр?

ТМД елдерінде Жеңіс күнін тойлауға наразылық неге күшейіп жатыр?

Ресей мен өзге елдерде Жеңіс күніне орай өткен түрлі шерулер жанжалсыз өтпей қалмады. Бірқатар түсініспеушіліктер түрлі ұлттар арасында

  • 10 Мамыр 2017
  • 740
Фото - Caravan.kz

Ресей мен өзге елдерде Жеңіс күніне орай өткен түрлі шерулер жанжалсыз өтпей қалмады. Бірқатар түсініспеушіліктер түрлі ұлттар арасында да орын алды. Орын алған жағдайларға қатысты кейбір сарапшылар онсызда әрең тұрған Ресейдің ұлттық ыдырауға ұшырауының белгісі деп пайымдап үлгерді. Енді бірқатары "Жеңіс күнін тойлаудың күні" өтті деген ойда.  Caravan.kz медиа-порталы 9 мамыр күндері Ресей мен көрші елдерде тіркелген түрлі қақтығыстарды тізбектеп көрді.

Келеңсіз оқиға ең әуелі ұлтшылдар мен ардагерлер арасында орын алды. Дәлірек айтқанда Черкассы қаласында ұлтшылдар соғыс ардагерлерінен Жеңіс туын күшпен тартып алған. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады деп жазды «ПолитНавигатор» Дегенмен полиция текетіресті дер кезінде ауыздықтап үлгеріпті.

Сондай-ақ Мәскеуде "Бессмертный полк" ("Мәңгілік полк") шеруі кезінде армян және әзербайжан делегацияларының арасында жанжал шыққан.

Оқиға армян диаспорасы өкілдерінің акцияға өзін-өзі жариялап алған Таулы Қарабақ республикасының туын ұстап шығуынан туындады. Әзербайжан диаспорасының өкілдері туды көтермеуді талап еткен. Бұл жайлы Азаттық радиосы хабарлады. .

Ал 9 мамырда Одессада өткен шара ардагерлерге жасалған құрметтен таза саяси шара айналып кетті. Онда жиналған мыңдаған адам «Одесса – орыс қаласы»,- деп ұрандатты.


Ал Украинада өткен шаралардың басым бөлігі қақтығыстарға ұласты. Жергілікті тұрғындар шеруге шыққандарға жұмыртқа, картоп, бояу лақтырған. Украиндардың бірқатар өкілдері мұндай шараның өткізуге кедергі келтіретіні алдын ала ескерткен болатын. Дегенмен полиция арандатушылықа жол бермейміз деп сендірді.Әйтседе шара барысында түрлі қақтығыстар бәрібір орын алды. Жастар ардагерлерден Георгий лентасын тартып алуға тырысып, жұмыртқа, тас лақтырған.

Ал Тәжікстанда «Мәңгілік полк» шарасын өткізуге мүлдем тиым салынды. Жергілікті билік мұны шеру кезінде қауіпсіздікті сақтай алмайтынымен түсіндірген. Бұған қоса тәжік шенеуніктерініңің пайымдауынша, мұндай шерулер Ислам қағидаларына қайшы көрінеді.

Ал елімізде өткен мерекелік шараларда ешқандай келеңсіз оқиғалар болған жоқ. 

Соңғы жаңалықтар