ТМД елдеріндегі демократиялық өзгерістер ауанын талқылау үшін Лондонда өткен бас қосу Қазақстан оппозициясының имидж жақсарту мақсатына қызмет жасады -Е.Ыдырысов - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдеріндегі демократиялық өзгерістер ауанын талқылау үшін Лондонда өткен бас қосу Қазақстан оппозициясының имидж жақсарту мақсатына қызмет жасады -Е.Ыдырысов

ТМД елдеріндегі демократиялық өзгерістер ауанын талқылау үшін Лондонда өткен бас қосу Қазақстан оппозициясының имидж жақсарту мақсатына қызмет жасады -Е.Ыдырысов

Қазақстанның Ұлыбританиядағы төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов KZ-today ақпараттық агенттігінің сұрауы бойынша ТМД елдеріндегі демократиялық өзгерістер ауанын талқылау үшін Лондонда жуырда өткен бас қосуға қатысу себебі туралы түсініктеме берді.

  • 25 Қараша 2004
  • 921
Фото - Caravan.kz

Елші International Freedom Network бейресми ұйымы мен Ұлыбританияның саясаттану жөніндегі «The Foreign Policy Centre» сараптама орталығының ұйымдастыруымен 12-қарашада Лондонда «Еуразиядағы демократия: тереңдігі және қарқыны» тақырыбы бойынша семинар ұйымдастырылғанын хабарлайды. Қазақстан атынан оппозиция жетекшілері Алтынбек Сәрсенбаев, Ораз Жандосов, Асылбек Қожахметов, Болат Әбілов, Серікболсын Әбділдин т.б. қатысты. Олардың бәрі де баяндама жасады. Өзбекстан, Қырғызстан және Украина атынан да тек оппозиция өкілдері сөз сөйледі. «Аталған елдерден оппозицияның пікіріне кереғар пікірдегі өкілдер баяндамашы ретінде семинарға шақырылған жоқ»,- деді Е.Ыдырысов. Оның айтуынша, «Лондондағы Қазақстан елшілігі шара туралы ақпаратты үшінші біреулерден естіп білген». «Ұлыбританиядағы ресми өкілі болып табылатын өз еліме қатысты мәселелер бойынша пікірталасқа қатысуды қалаған жеке талпынысымды қанағаттандыру үшін семинарды ұйымдастырушыларға арнаулы өтініш жасап, шақыру алуға тура келді»,- дейді елші.

«Семинар оппозицияның және олардың тасасында тұрғандар мен осындай шараларды қаржыландырушылардың имидж жақсарту мақсатына ғана қызмет ететін, арнайы тапсырыспен жасалған шараға тым ұқсас секілді көрінді»,- дейді Е.Ыдырысов. «Ұйымдастырушылардың осындай сыңаржақ көзқарасы мен таңдалған баяндамашылар құрамына байланысты семинар өркениетті пікірталас алаңынан гөрі бір сарынды көңілсіз жиынға айналды. Ол тек оппозицияның өзегін өртеген ішкі ойын айту арқылы Батыстың назарын аудартуға бағытталғандай әсер қалдырды»,- дейді елші. «Оппозицияның әдетте кез-келген бұрышта айта беруден жалықпайтын дүниелеріне төңкрістік сипаттағы ештеңе қосып айтылған жоқ. Сол баяғы әуен: Қазақстанда, Украина мен Беларуссиядағы сайлауда сыбайлас жемқорлыққа белшеден батқан биліктің қитұрқы әреккеттерінің арқасында жаппай бұрмалаушылық жағдайдында өтті деген айта-айта құлаққа сіңісті болған сөздер айтылды». «Сондай-ақ, Қазақстанда өткен сайлау елдің авторитаризмнен тоталитаризмге аяқ басқанын айғақтап берді». «ТМД кеңістігіндегі саяси процесстердің дамуын жалпылама сипаттаған» оппозиция өкілдері «Достастық аясында шын мәнісінде Ресей президенті астыртын басқаратын авторитарлық режимдердің альянсы құрылды», Қазақстан да оның жетекшілерінің бірі»,- деп мәлімдеді. Осындай ахуалдан құтылудың жолы ретінде оппозиция «биліктен авторитарлық режимді аластап, билікті өз қолымызға алуымыз қажет» деп санайды. «Осындай жағдайда ғана демократия түбегейлі орнап, гүлдену басталады. Бұл істе Қазақстанның ресми тұлғаларына кіру визасынан бас тарту тәрізді ұсақ-түйек қадамдардан да бас тартпай, Батыс тез арада қол ұшын беруі қажет». Өз тарапынан «оппозиция билікті өткеріп алуға және осыдан 1-2 жылдан кейін тізгінді өз қолына алуға дайын».
Қазақстан елшісі «семинарда Қазақстан азаматы ретінде пікір білдіру дұрыс деп тапқан. «Сол арқылы Қазақстан қоғамында саяси процесстерге қатысты балама пікірлердің бар екенін паш етуді қалаған». «Мен өткен сайлау ойлағанымыздай мінсіз болмағанымен, бір адым ілгерілеушілік болғанын атап өттім. Бұл уәжді мен АҚШ пен басқа да елдерден келген шетелдік тәуелсіз бақылаушылардың сайлауға қатысты қорытындыларымен дәлелдедім». «Ең бастысы, саяси күштер өсіп, Қазақстан халқының саяси белсенділігі арта бастады. Бұл ешкім де жоққа шығара алмайтын оңды құбылыс»,- дейді Е.Ыдырысов. «Қоғамдағы тұрақтылық пен елдің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеушілігі үшін билік пен оппозиция бірдей жауапкершілік жүктейтінін бағамдайтын кез жетті. Бұған қол жеткізудің ең жақсы жалғыз құралы — өркениетті диалог болып табылады. Демократия мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссияның құрылуы мен оның құрамында елдегі саяси күштердің басымдыққа ие болуы бұған дәлел».
Е.Ыдырысовтың хабарлауынша, «конференциядан кейін ленч ұйымдастырылған. Сол жерде семинар қатысушыларының арасында аты көрсетілмеген Әкежан Қажыгелдин күтпеген жерден кіріп келген». «Семинарды бірлесіп ұйымдастырушылар санатындағы Рашид Нұғмановтың дастархан мәзіріне шақыруын мәдениетсіздікке бармайын деп қабыл алдым». «Дипломатиялық тілмен айтқанда ленч қызу пікірталас жағдайдында өтті және мен онда өз ұстанымымның дұрыстығын дәлелдеуге тырыстым».
«Оппозиция мұндай насихаттық сипаттағы шараларлы алдағы уақытта да өткізетіні анық»,- деді елші. «Бірақ бұдан былай оларға қатысудан абай болар едім. Бұл «қорыққаным» емес, керісінше, әдейі ұйымдастырылған, сыңаржақ шараға қатысу қызықсыз әрі ыңғайсыз. Мұндай кездесулер елімізге абырой әпермейді әрі Батыстың елімізді танып білуіне көмек бола алмайды»,- деді Е.Ыдырысов.

Перейти к новостям спорта