ТМД елдеріндегі сайлауларға бақылау жасау жөніндегі ұйымының (CIS-EMO) өкілдері Қазақстандағы сайлауалды науқанының барысы туралы аралық есебін таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдеріндегі сайлауларға бақылау жасау жөніндегі ұйымының (CIS-EMO) өкілдері Қазақстандағы сайлауалды науқанының барысы туралы аралық есебін таныстырды

ТМД елдеріндегі сайлауларға бақылау жасау жөніндегі ұйымының (CIS-EMO) өкілдері Қазақстандағы сайлауалды науқанының барысы туралы аралық есебін таныстырды

ТМД елдеріндегі сайлауларға бақылау жасау жөніндегі ұйымының (CIS-EMO) өкілдері Қазақстандағы сайлауалды науқанының барысы туралы аралық есебін таныстырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Қараша 2005
  • 588
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 9-қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында CIS-EMO өкілдері Қазақстанынң сайлау заңын бұзуға қатысты кейбір деректердің бетін ашқанын мәлімдеді. Алматыдағы CIS-EMO үйлестірушісі Степан Новосельчанның айтуынша, азаматтардың сайлау құқығын шектеу, барлық үміткерлерге үгіт-насихат жүргізуге бірдей құқық беру жөніндегі заң талабын бұзу, шығарушысы мен авторы белгісіз жасырын баспа материалдарын шығаруға тыйым салу талабын бұзу сынды заң бұзушылық оқиғалары жиі кездескен.

CIS-EMO бақылаушыларының пайымдауынша, «Алматыда хабар тарататын телеарналар президенттіктен бір ғана үміткерге, атап айтсақ, қазіргі ел президентіне артықша бүйрегі бұратыны байқалады». Ал басқа үміткерлерге қатысты материалдар «көбінесе сынап-мінеу сипатында». С.Новосельчанның айтуына қарағанда, «әдетте мұндай жаңалықтарда мазмұн жоқ, басты назар ұсақ-түйек дау-дамайларға аударылады».
CIS-EMO жетекшісі Марина Богдановичтің айтуынша, «барлық аймақтарда бірдей сайлау комиссиясы мүшелерінің тізімінде олардың лауазымы мен қай партияға жататыны толық көрсетілмейді». «Сенімді өкіл деген куәлікті алу үшін облыс орталығына бару керек, жергілікті әкімшіліктер ондай куәліктерді бере алмайды. Бұл проблема Қазақстаның барлық облыстарына тән», деді М.Богданович.
Сонымен бірге үміткердің үгіт-насихат материалдары лайықты жерлерге жапсырылмау деректері байқалған.
Жалпы алғанда «Қазақстандағы сайлауалды науқандары дұрыс жүргізілуде». «Біздің миссияның басқа да ТМД елдеріндегі жұмыс тәжірибесі бұл кемшіліктердің бұрынғы кеңестік кеңістіктегі барлық республикаларда сайлауалды науқаны кезінде бірдей кездесетінін көрсетті»,- деді ол.
10-қарашада CIS-EMO бір апталық есепті Орталық сайлау комиссиясына өткермекші.
ТМД елдеріндегі сайлауларға бақылау жасау жөніндегі ұйымының (CIS-EMO) ұзақ мерзімді миссиясының өкілдерінің құрамында 20 адам бар. Дәл сайлау басталар тұста елімізге ұйымның қысқа мерзімді тағы да 300 бақылаушысы келеді деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта