ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің ақпаратына сүйенсек, еңбекпен қамту қызметтерінде ресми тіркелген жұмыссыздар саны 2003-жылғы сәуір айындағы жағдаймен 3,4 миллион адамға жетті, соның ішінде Әзербайжанда — 52,3 мың, Арменияда — 127,7 мың, Беларусьте — 146,5 мың, Грузияда — 41,3 мың, Қазақстанда — 191,6 мың, Қырғызстанда — 61,3 мың, Молдовада — 33,4 мың, Ресейде — 1 млн. 633,3 мың, Тәжікстанда (наурыздың соңы) — 46,6 мың, Украинада — 1 млн. 107,3 мың адамды құрады.