Алдағы отырысқа ұйымға мүше-елдердің өкілдерімен бірге Бүкіләлемдік телекоммуникациялық одақ, халықаралық спутниктік ұйым, Бүкіләлемдәк пошташылар одағы, Бүкіләлемдік сауда ұйымының өкілдері қатысады деп күтілуде. ТМД елдерінің Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық ұйымының 33-ші отырысын Бакуде өткізу туралы шешім былтыр құрылымның Минск қаласында өткен 32-ші отырысында қабылданған. Ол бас қосуда Әзербайжанның байланыс саласындағы жетістіктері мен оның аймақ елдері арасындағы беделі ерекше аталды.
ТМД елдерінің Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық ұйымын одақ мемлекеттерінің байланыс әкімшіліктері 1991-жылдың 17-желтоқсанында «Байланыс саласындағы аймақтық достастық құру туралы келісімге» сәйкес құрған. Бастапқыда ұйым мүшелерінің саны 11 болса, қазір 20 қатысушысы, соның ішінде 13 толық құқылы мүшесі мен 7 бақылаушысы бар. ТМД елдерінің Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық ұйымы Халықаралық электрлі байланыс ұйымдарының одағы мен Бүкіләлемдік пошта одағында бақылаушы мәртебесіне ие.
Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық ұйымы шеңберінде қатысушылардың мемлекетаралық электрлі байланыс саласындағы өзара ықпалдастығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар тұрақты жүзеге асырылады.