ТМД елдерінің денсаулық сақтау министрлері Шолпан-Ата қаласында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдерінің денсаулық сақтау министрлері Шолпан-Ата қаласында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойды

ТМД елдерінің денсаулық сақтау министрлері Шолпан-Ата қаласында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойды

Денсаулық сақтау саласындағы ТМД аясындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің Қырғызстандағы Шолпан-Ата қаласында өткен кезекті отырысының қорытындысы бойынша радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылды.

  • 6 Сәуiр 2004
  • 626
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан жағынан бас қосуға денсаулық сақтау министрі Насратулло Файзуллоев қатысты. Тәжікстан Республикасы денсаулық сақтау минитрлігінің халықаралық басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, отырыста сондай-ақ, қоршаған орта гигиенасы және халық денсаулығы бойынша «Балалар болашағы» атты Декларация мен бірлескен іс-шаралар бағдарламасы қабылданды. Бұған қоса, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат алмасу жөніндегі келісім мен Темекіге қарсы Еуропалық стратегияны жүзеге асыруға бағытталған ұжымдық шаралар жоспарына қол қойылды.

ТМД елдерінің денсаулық сақтау министрлері алдағы жылы ВИЧ/СПИД індетінің таралуына тосқауыл қоюға бағытталған шұғыл шаралар бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша Достастық республикаларының салааралық конференциясын өткізу және ВИЧ/СПИД проблемасы бойынша біртұтас ақпараттық-талдау орталығын құруға келісті.

Соңғы жаңалықтар