ТМД елдерінің "Достық-2008" атты бірлескен арнайы операциясының аясында Қырғызстанда 2 тонна есірткі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдерінің "Достық-2008" атты бірлескен арнайы операциясының аясында Қырғызстанда 2 тонна есірткі тәркіленді

ТМД елдерінің "Достық-2008" атты бірлескен арнайы операциясының аясында Қырғызстанда 2 тонна есірткі тәркіленді

Бішкек. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдерінің "Достық-2008" атты бірлескен арнайы операциясының аясында Қырғызстанда 2 тонна есірткі тәркіленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Тамыз 2008
  • 470
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның хабарлауынша, операцияның басты мақсаты ТМД елдеріне Ауғанстан жағынан заңсыз содырлық құрылымдардың, лаңкестердің, есірткі заттарының енуінің жолын кесу, заңсыз миграцияға тосқауыл қою болған. «Достық-2008» Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан аумақтарында өткізілді.

Қырғызстандағы операция нәтижесінде мемлекеттік шекараны бұзған 154 адам қамауға алынып, 80 қару, 11 тонна тауарлық-материалдық құндылық, 1994 кг есірткі тәркіленіп, жалпы құны 11 мың АҚШ долларын құрайтын 8 контрабанда оқиғасы тіркеліп, 88 заңсыз мигрант анықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар