ТМД елдерінің ІІМ басшылары мекемелердің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жайын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдерінің ІІМ басшылары  мекемелердің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жайын талқылады

ТМД елдерінің ІІМ басшылары мекемелердің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жайын талқылады

ДУШАНБЕ. 23-мамыр. Kazakhstan Today. Душанбеде ТМД елдерінің Ішкі істер министрліктері басшыларының кезекті кеңесі өтіп, онда мемлекеттік қорғаныс қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 23 Мамыр 2006
  • 381
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан ІІМ-нің хабарлағанындай, кездесу барысында бұрындары қабылданған шешімдерді жүзеге асыру жайы мен мемлекеттік қорғаныс қызметінің ішкі істер органдарының қылмыспен күрес саласындағы басымдық берілген мақсаттарын шешуге атсалысу проблемалары талқыланды.

Мемлекеттік қорғаныс қызметі басшыларының кеңесі Душанбеде алғаш рет өткізіліп отыр. Оған Грузия, Әзербайжан, Армения, Молдова, Украина, Беларусь, Қазастан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.

Перейти к новостям спорта