ТМД елдерінің көлік жүйелері таяу жылдарда Батыс пен Шығыс арасында транзиттік көпір құруға негіз болады - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдерінің көлік жүйелері таяу жылдарда Батыс пен Шығыс арасында транзиттік көпір құруға негіз болады - ҚР үкімет басшысы

ТМД елдерінің көлік жүйелері таяу жылдарда Батыс пен Шығыс арасында транзиттік көпір құруға негіз болады - ҚР үкімет басшысы

"ТМД елдерінің қазіргі қолданыстағы көлік жүйелері таяу жылдарда Еуропа мен Азияның көлік жүйелерін біріктіруге, Батыс пен Шығыс арасында транзиттік көпір құруға негіз болады". Бүгін, 17-маусымда "ТрансЕврАзия-2004" Ү халықаралық конференциясы барысында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Маусым 2004
  • 808
Фото - Caravan.kz

«Бұл инфрақұрылым тиімді көлік маршруттары мен дәліздерін құруға, олар арқылы барлық бағыт бойынша үздіксіз тасымал жұмыстарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деді Д.Ахметов.

Республика үкімет басшысының атап көрсетуінше, «рспубликамызда халықаралық маңызды көлік маршруттарының әлеуеті айқындалып қойған. Олар Азия көлік жүйесімен бірігу үшін Шығысқа бағытталған панеуропалық көлік дәліздерінің аясын кеңейтуге негіз бола алады». Үкімет басшысының айтуынша, республика үкіметі қазір осындай бірігудің аймақ пен жалпы құрлықтың экономикалық дамуына әсерін зерттеп жатыр. Д.Ахметовтың айтуына қарағанда, осындай Еуразиялық көлік жүйесін құру жоспарына Қытаймен шекарадағы «Достық» станциясынан Каспийдегі Ақтау теңіз айлағына дейінгі темір жол тармағын салу проблемасының шешімі де қамтылады. «Бұл бағыт одан әрі жалғасын тауып, Оңтүстік -Шығыс Азия аймағы елдері мен Еуропа арасындағы жүк тасқыны маршруттарын қысқартуға жол ашады деп ойлаймыз»,- деді ол.