«Біз Қазақстанда осындай шара өткізілетіндігі туралы ТМД елдерінің көші-қон қызметтерінің ықпалдастығы мен заңсыз көші-қон мәселесі бойынша шілде айында Мәскеуде өткен кеңесте хабардар еттік»,- деді С.Сайынов. Оның айтуынша, ТМД елдерінің көші-қон қызметтерінің көптеген басшылары «қызығушылық білдіріп, тиісті заңның жобасымен таныстыруды өтініп, шараны өткізуге қатысты егжей-тегжейі мен тетіктерін сұрастырды, сондай-ақ, осы жылдың 31-желтоқсанында аяқталуға тиіс шараның нәтижелеріне қызығушылық танытты». С.Сайынов заңсыз еңбек мигранттарын легализациялаға қаатысты бұл ТМД елдері аумағындағы алғашқы шара екенін еске салды.