ТМД елдерінің өкілдері Оңтүстік Осетиядағы жағдайдың ушығуына алаңдаушылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдерінің өкілдері Оңтүстік Осетиядағы жағдайдың ушығуына алаңдаушылық білдірді

ТМД елдерінің өкілдері Оңтүстік Осетиядағы жағдайдың ушығуына алаңдаушылық білдірді

Алматы. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдерінің өкілдері Оңтүстік Осетиядағы жағдайдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл туралы Минскіде Достастықтың одан әрі даму тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі құжаттарды дайындау бойынша жұмыс тобының отырысында Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ТМД және ЕурАзЭҚ жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Олег Иванов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 8 Тамыз 2008
  • 405
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыста төрағалық етуге сайланған О. Иванов жұмыс тобының атынан қақтығыстың тезірек шешілуіне үміт білдірді.

Грузин — осетин қақтығысы аймағындағы жағдай туралы ақпарат сондай-ақ, 5 тамызда Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы Достастыққа мүше мемлекеттердің тұрақты уәкілетті өкілдерінің кеңесінің отырысында Ресей Федерациясының өкілі тарапынан да жарияланды. ТМД елдерінің тұрақты өкілдері оны қаперлеріне алды, деп хабарлайды ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар