Caravan Logo

ТМД елдерінің Парламентаралық ассамблеясының кеңесі грузин-осетин қақтығысы бойынша мәлімдеме жасайды

ТМД елдерінің Парламентаралық ассамблеясының кеңесі грузин-осетин қақтығысы бойынша мәлімдеме жасайды

"Біз онда төрт күн болып, Солтүстік Осетияның Владикавказ, Беслан қалаларымен бірге Оңтүстік Осетияның астанасы Цхинвали мен соның маңындағы ауылдарды араладық", - деді Ә. Қалмаматов. Ол өзінен басқа топ құрамына ТМД ПАА бас хатшысы Михаил Кротов бастаған Қазақстан мен Беларуссияның да өкілдері кіргенін айтты.

"Біз атысқа ұшыраған Цхинвалидің үйлері мен ғимараттарын көрдік. Олардың көпшілігінен бір мезетте 40 снарядпен ата алатын "Град" атты зымыран қондырғыларының іздері байқалады", - деді парламент депутаты. Оның айтуынша, ауылдардың өзінде сау үй қалмаған. "Ғимараттар түгелімен атылған. Олардың қатарында мектептер, балалар бақшалары мен университеттер бар. Дегенмен қалпына келтіру жұмыстары қазірдің өзінде басталып кеткен және адамдар Солтүстік Осетиядан елдеріне қайтып жатыр", - деп толықтырды Ә. Қалмаматов. Ол Оңтүстік Осетияның барлық тұрғындары бірауыздан "Әскери іс-қимылдарды Грузия бастады" дегенді айтуда, деп атап көрсетті.