ТМД елдерінің теміржол транспорты жөніндегі кеңесінің 46-отырысында қорытынды құжат қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдерінің теміржол транспорты жөніндегі кеңесінің 46-отырысында қорытынды құжат қабылданды

ТМД елдерінің теміржол транспорты жөніндегі кеңесінің 46-отырысында қорытынды құжат қабылданды

АСТАНА. 18 - мамыр. Kazakhstan Today. Астанада ТМД мүше елдердің теміржол транспорты жөніндегі кеңесінің 46-отырысында қорытынды құжат қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 18 Мамыр 2007
  • 545
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі құжат осы кеңестің оған мүше елдердегі теміржол кәсіпорындарының іс-қызметі барысында туындайтын проблемаларды шешудің тиімді құралы болып табылатындығының куәсі болып табылады»,- деді кеңес төрағасы, «Ресей темір жолы» ААҚ президенті Владимир Якунин.

Хаттамаға ТМД және Балтық елдері мен Болгария теміржол мекемелерінің басшылары қол қойды. Атап айтқанда, құжатқа Ресей тарапынан «Ресей темір жолы» ААҚ президенті Владимир Якунин, Қазақстан тарапынан — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Ерлан Атамқұлов, Болгария жағынан — «Болгария мемлекеттік темір жолы» ұлттық компаниясының атқарушы директоры Олег Петров қол қойды.

Кеңес төрағасы Владимир Якуниннің нақталуына сүйенсек, 47-отырыс Бакуде өтеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті