Украина президенті бүгінгі отырыс барысында «ұйымдасқан қылмыс, есірткі саудасы мен заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға» да баса назар аударылғанын атап өтті. «Бұл мәселелер бойынша бірқатар маңызды құжаттар мақұлданды. Ерекше атап айтар болсақ, заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасы, Қылмыспен бірлескен күрес шараларының 2005-2007-жылдарға арналған мемлекетаралық бағдарламасы, есірткі, психотропты заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды»,- деді Л.Кучма.