ТМД мемлекет басшылары Қазақстан президентін туған күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД мемлекет басшылары Қазақстан президентін туған күнімен құттықтады

ТМД мемлекет басшылары Қазақстан президентін туған күнімен құттықтады

Бүгін, 6-шілдеде түстен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы тілдесті. Ресей мемлекет басшысы өз әріптесін туған күнімен құттықтап, өз халқы мен өз елінің игілігі үшін атқарып жатқан ауқымды істеріне толайым табыс тіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Шiлде 2004
  • 831
Фото - Caravan.kz

Ал Украина президенті Леонид Кучмамен болған телефон сұхбатында ол украин халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен жақсылықтар тіледі,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Сондай-ақ, Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязов та Елбасын туған күнімен құттықтады.

Сұхбаттасушылар екі жақты ынтымақтастыққа, биылғы күзде Астанада өтетін ТМД елдері мемлекет басшыларының саммитіне қатысты бірқатар мәселелерді сарапқа салды.

Перейти к новостям спорта