ТМД мемлекет басшыларының кеңесінде 19 құжат қабылданды, энергетика 2009 жылғы ынтымақтастықтың шешуші саласы ретінде айқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД мемлекет басшыларының кеңесінде 19 құжат қабылданды, энергетика 2009 жылғы ынтымақтастықтың шешуші саласы ретінде айқындалды

ТМД мемлекет басшыларының кеңесінде 19 құжат қабылданды, энергетика 2009 жылғы ынтымақтастықтың шешуші саласы ретінде айқындалды

Бішкек. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ТМД мемлекет басшыларының кеңесінде 19 құжат қабылданды, энергетика 2009 жылғы ынтымақтастықтың шешуші саласы ретінде айқындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Қазан 2008
  • 571
Фото - Caravan.kz

ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедевтің айтуынша, энергетика саласын ТМД елдерінің ынтымақтастығындағы басым бағыттардың бірі ретінде енгізудің маңызы зор. «Қуаңшылыққа және Тоқтағұл су қоймасындағы су деңгейінің төмендігіне байланысты энергетика секторын айқындау тек Қырғызстандағы ғана емес, жалпы барлық елдердегі ортақ тауқыметке сай келеді», — деді С. Лебедев.

Қабылданған басқа құжаттардың арасында мемлекет басшылары Достастық елдерінің транспорт саласындағы 2020 жылға дейінгі басымдық берілген ынтымақтастық бағыттарының жобасы, 2009 жылды жастар жылы деп жариялау мәселесі, ТМД-ға төрағалық жасау туралы ереже, ТМД-ға қатысушы елдердің ұлттық үйлестірушілері туралы ереженің жобасы, ТМД елдерінің шекаралық ынтымақтастық конвенциясының жобасы, мемлекеттердің 2009-2011 жылдарға арналған заңсыз көші-қонға қарсы күрес бағдарламасы, лаңкестікке, заңсыз есірткі айналымына және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы құжат пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы 2008-2010 жылдарға арналған құжаттар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар