ТМД өнер шеберлерінің концерті қазақ елінің кеңпейілділігін тағы бір мәрте паш етті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД өнер шеберлерінің концерті қазақ елінің кеңпейілділігін тағы бір мәрте паш етті

ТМД өнер шеберлерінің концерті қазақ елінің кеңпейілділігін тағы бір мәрте паш етті

Кеше «Жаңа әлемдегі Еуразиялық мәдениет» халықаралық форумы аясында ТМД елдері өнер шеберлерінің концерті өтті.

  • 16 Маусым 2012
  • 492
Фото - Caravan.kz

Астанадағы «Қазақстан» концерт залында өткен кештің шымылдығы Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен ашылды. Оны «Серпер» ансамблінің 50 домбырашысы үлкен шеберлікпен орындап шықты. Осыдан кейін Тәжікстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Түркменстан, Өзбекстан, Ресей, Әзірбайжан, Молдова мен Украинаның өнер ұжымдары ән шырқап, би биледі. Қазақстан да өз өнерін ортаға салды. Күләш Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының балет труппасы Нұрғиса Тілендиветің «Аса таяқ» пен «Қыпшақ» биін орындаса, «Тұран» ансамблі «Қазақ елі» композициясымен көрермен қауымның көңілінен шықты. Жетігенші қыз балалар ансамблімен сахнаға шыққан Қарақат Әбілдина да жиналған жұрттың зор ықыласына бөленді.

«Астана — достастықтың мәдени астанасы» ұранымен өткен ТМД елдері өнер шеберлерінің концерті Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның орындауындағы «Ақордам — Астанам» атты ән-шашумен аяқталды. Осы кезде барлық он бір елдің шығармашылық ұжымдары сахнаға шығып, қазақ елінің кеңпейілділігін тағы бір мәрте паш етті.

Перейти к новостям спорта