ТМД Парламентаралық ассамблеясы Кеңесінің бас хатшысының хабарлауынша, Ассамблеяға қатысушы мемлекеттердің парламент төрағалары қатысатын бұл бас қосуда Санкт-Петербург қаласына, оның тарихтағы роліне , және Достастық мемлекеттерінің экономикасы мен мәдениетіне қатысты мәселелерге баса назар аударылады. Осы орайда естеріңізге сала кетсек, дәл осы ТМД Парламентаралық ассамблеясы 2003-жылды ТМД елдеріндегі Санкт-Петербург жылы деп жариялауға мұрындық болғаны белгілі.
Сондай-ақ, жалпы отырыс барысында «Мемлекеттік құпия туралы» , «Мемлекеттік емес , жеке меншік күзет қызметі туралы» модельдік заңдар, содай-ақ, модельдік Салық Кодексінің «Шағын кәсіпкелік субьектілеріне салық салудың жеңілдетілген жүйесі » туралы үшінші бөлімі мен модельдік Азаматтық Кодексінің «Санаткерлік меншік» жөніндегі 5-бөлімінің жаңа редакциясы сарапқа салынады деп күтілуде.
Бұл күні сондай-ақ, ТМД Парламентаралық ассамблеясының штаб-пәтерінде аталмыш құрылымның саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы мен ТМД Парламентаралық ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтеді деп жоспарланған.