ТМД қорғаныс мекемелерніің өкілдері Мәскеуде әуеден қорғаныс мәселелерін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД қорғаныс мекемелерніің өкілдері Мәскеуде әуеден қорғаныс мәселелерін талқылайды

ТМД қорғаныс мекемелерніің өкілдері Мәскеуде әуеден қорғаныс мәселелерін талқылайды

Бүгін, 9-тамызда Мәскеуде ТМД елдерінің әскери ынтымақтастығын үйлестіру жөніндегі штабта су және жер үсті, сондай-ақ, әуе нысандарын радиолокациялық біртұтас тану жүйесін пайдалану және оны жетілдіру проблемаларына арналған кеңес өтеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 9 Тамыз 2005
  • 331
Фото - Caravan.kz

Радиолокациялық біртұтас тану жүйесі Достастыққа мүше-елдердің авиациялық ұшырылымдатының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шекара бұзушылардың әуе кеңістігіне бақылаусыз өтіп кетуіне жол бермеумен бірге иеліктегі ұшу аппараттарын байқаусызда атып түсіруге мүмкіндік бермейді.

Төрт күнге созылатын кеңес жоспарына аталмыш саладағы үкіметаралық келісімдерді жүзеге асыруға қатысты біртұтас көзқарас қалыптастыру бағытындағы мәселелер енгізілген.
Кеңеске Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украинаның қорғаныс мекемелерінің өкілдері қатысады.

Перейти к новостям спорта