Жарияланды: 420

ТМД қорғаныс министрлері біріккен әуеден қорғаныс жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Санкт-Петербург қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің қорғаныс министрлері кеңесінің 55-ші отырысы барысында Достастыққа қатысушы елдердің біріккен әуеден қорғаныс жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сонымен бірге қорғаныс мекемелерінің басшылары жаңа жұмысшы орган - ТМД-ға қатысушы елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесінің жанынан Ұлы Отан соғысы жылдарында опат болған боздақтарды мәңгілік есте сақтау ісінде күш-жігерді біріктіру аясында Әскери-мемориалдық комитет құру жайы талқыланды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін