Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыста кеңестің төрағасын сайлау және кеңестің ережелерінің жобасы мен оның 2008-2009 жылдарға арналған жұмыс жоспарын талқылау көзделген.
Қауіпсіздік және қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыратын жарғылық және салалық органдардың отырыстары ТМД шеңберінде 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Осындай отырыстар бұған дейін төрт мәрте Мәскеу, Минск, Киев және Астанада өткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті