ТМД саммитінде Достастықты реформалауға қатысты түбегейлі шешімдер қабылдануға тиіс - Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД саммитінде Достастықты реформалауға қатысты түбегейлі шешімдер қабылдануға тиіс - Тоқаев

ТМД саммитінде Достастықты реформалауға қатысты түбегейлі шешімдер қабылдануға тиіс - Тоқаев

2005-жылдың тамыз айында өтетін ТМД саммитінде Достастықты реформалауға қатысты түбегейлі шешімдер қабылдануға тиіс. Бұл туралы бүгін, 15-маусымда Азия қоғамының Алматыдағы халықаралық бизнес-конференциясының ашылуында ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Маусым 2005
  • 362
Фото - Caravan.kz

«ТМД түбегейлі жаңалануы тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл ұйым бірнеше ондаған жылдар бойына бір мемлекет аясында өмір сүріп үйренген халықтың үміт-сенімін ақтай алмайды»,- деді ҚР СІМ.

Қ.Тоқаевтың пікірінше, «қазіргі таңда әсіресе тәуелсіздікке жаңа ғана қол жеткізген елдер мәдени және гуманитарлық саладағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді талап етуде». Ол үшін шекараларды айқара ашып, еркін сауда-саттықты жолға қою қажет, деді Қ.Тоқаев. «Алайда кейбір елдер үшін бұл мәселелердің қиындыққа саналатыны бізді алаңдатады»,- деді ол.
Қ.Тоқаевтың айтуынша, «ТМД аясында да түрлі ұйымдар мен топтардың бар екенін ұмытпау қажет. Олар ортақ мақсатқа жету үшін жақын ынтымақтаса, ықпалдаса алады және сөйтуге де тиіс». Осыған байланысты ҚР СІМ «ГУУАМ-ның басты қағидалары мен мақсаттарына жоғары баға берді».

Перейти к новостям спорта