ТМД СІМ кеңесінің отырысында Қазақстанның 2009 жылы энергетиканы ынтымақтастықтың шешуші саласы ретінде айқындау туралы ұсынысы қолдау тапты
Бішкек. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ТМД СІМ кеңесінің отырысында Қазақстанның 2009 жылы энергетиканы ынтымақтастықтың шешуші саласы ретінде айқындау туралы ұсынысы қолдау тапты. Бұл туралы ТМД СІМ кеңесінің отырысының қорындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін Бішкекке ТМД СІМ кеңесінің отырысына қатысу үшін сыртқы істер министрлері келді. Отырыс қорытындысы бойынша 24 құжаттан тұратын топтамаға қол қойылды.
Қазір ТМД-ға 12 мемлекет мүше : Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін