ТМД сыртқы істер министрлері Грузияның Достастықтан шығу жөніндегі өтінішін қанағаттандырды
Бішкек. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысушылар кеше Грузияның Достастықтан шығу жөніндегі өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы журналистерге РФ сыртқы істер минирстрі Сергей Лавров мәлімдеді. |
Оның айтуынша, Достастыққа мүше елдер Грузияның ТМД мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Алайда, С. Лавровтың мәлімдеуінше, Грузия тек быр жылдан кейін, 2009 жылдың 18 тамызында ғана мүшелігін тоқтата алады. "Ол үшін белгілі бір процедуралардан өту керек", -деді С. Лавров.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін